Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Шақырту алды» - ФК «Қайрат» жұлдызы Шерхан Қалмұрзаға қатысты жаңа деректер белгілі болды

09:26, 31 желтоқсан 2025

Алматылық «Қайрат» футбол клубының дарынды қақпашысы Шерхан Қалмұрзаға «Тараз» ұжымы тарапынан қызығушылық туындап отыр, деп хабарлайды Alash.kz.

Аталған ақпаратты «Тараз» футбол клубының жаңа директоры Дидар Сыдықбек ресми түрде растады. Клуб басшылығының мәлімдеуінше, жақын арада алматылық ұжымға ойыншыны ауыстыру бойынша ресми ұсыныс жолдау жоспарланған.

Дидар Сыдықбек келіссөздердің басталғаны туралы айта келе: «Біз Шерхан Қалмұрзаға қызығушылық танытып отырмыз. Ертең ұсыныс жасап, келіссөздерді бастаймыз. Ол – Жамбыл облысының тумасы», — деп атап өтті. 

Шерхан Қалмұрза халықаралық деңгейдегі көрсеткіштерімен танымал. Ол Чемпиондар лигасында «Спортингке» қарсы кездесуде 11 метрлік айып соққысын сәтті қайтарып, турнир тарихында мұндай нәтижеге қол жеткізген ең жас қақпашы ретінде рекорд орнатқан болатын. Шерханның Корольдік клуб Реал Мадридке қарсы ойыны да ел аузында жүр. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар