Отандық эстрада жұлдызы Серік Ибрагимов отбасында жағымды жаңалықтың болғанын хабарлады. Әнші жарымен бірге жақын арада үшінші сәбилерін құшақтарына алатынын жеткізді, деп жазады Alash.kz.
Қуанышты хабарды жариялау үшін өнер иесі ерекше отбасылық бейнежазба дайындаған. Видеода әншінің жары және тұңғыш ұлы Хамзамен бірге бақытты сәттері бейнеленген. Серік Ибрагимов бұл жаңалықты ерекше тебіреніспен қабылдап, жұбайына алғысын білдірді.
Әнші өзінің желідегі жазбасында ризашылығын келесідей жеткізді:
«Аллаға шүкір! Рахмет саған, жаным! Шапшы, тоқтамашы».
Желі қолданушылары мен әншінің өнердегі әріптестері бұл жаңалықты жылы қабылдап, жарыса құттықтау жазып жатыр. Оқырман қауым жас отбасына амандық тілеп, сәбидің дүниеге есен-сау келуіне тілектестік білдірді.