Астананың тергеу соты “сот үкімін орындамағаны үшін” (430-бап) белсенді Ермек Нарымбаевты екі айға қамады. Ол тергеу жалғасқанша 3 сәуірге дейін қамауда болады. Бұл жөнінде адвокаты Василий Садықов Азаттыққа хабарлаған, деп жазады Alash.KZ.
– Ермек Нарымбаев қызына, немерелеріне бару үшін 1 ақпанда Алматыдан Бішкекке ұшқан. 3 ақпанда күндізгі сағат 12-де Қырғызстанның ішкі істер полковнигі және подполковнигі оны ұстады. Одан кейін оны қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу бекетіне алып келіп, сол жерде Қазақстан жағына тапсырды. Қордайдан Балқаш одан әрі Қарағанды арқылы Астанаға жеткізді. 4 ақпанда ол Астанада болды. Кеше түнгі сағат бірге дейін отырдық. Тергеу болды. Сот оны екі айға қамады, – деді адвокат Василий Садықов.
Адвокат бұдан басқа ақпаратты айта алмайтынын жеткізді.
"Шал, кет" ұранының авторы Ермек Нарымбаев екі айға қамалды
12:02, 05 ақпан 2026
https://kaz.orda.kz/
Соңғы жаңалықтар
«Ақырын-ақырын баурап алды»: Мөлдір Мұқан ешкімге айтпаған жан сырын ашты (ВИДЕО)
13:22, 17 сәуір 2026
«Таза Қазақстан»: Астанада құрылыс қалдықтарын заңсыз тастауға қарсы шаралар күшейді
09:41, 17 сәуір 2026