Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

12:21, 18 қазан 2026

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Alash.kz.

Спортты дамыту дирекциясының мәліметінше, шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер командасы Жапонияның Саппоро қаласында 15–18 қазан күндері өтіп жатқан Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.

Аруларымыз жарыс барысында жалпы үш кездесу өткізді. Турнир қожайындары Жапония құрамасымен өткен матчта отандастарымыз 0:4 нәтижесімен жеңіліс тапса, Қытай өкілдеріне қарсы ойында 1:2 есебімен есе жіберді.

Ал шешуші кездесуде Қазақстан құрамасы Оңтүстік Корея хоккейшілерінен 5:1 есебімен басым түсіп, Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды.

Енді сары құрлық додасының финалында Жапония мен Қытай өзара мықтыны анықтайды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар