Кәсіпкерге тиесілі Central Asia Resources Holding Ltd. ірі алтын өндіруші "Алтыналмас" компаниясының 100% акциясын сатып алу туралы келісімге қол қойды, деп жазады Alash.KZ.
Мәміле аясында компанияның барлық еншілес ұйымдары да сатылды.
Қазір "Алтыналмас" компаниясында 9 акционердің үлесі бар. Ең ірі пакет (66,39%) Нидерландыда тіркелген компанияға тиесілі.
Жаңа инвестор компанияның жұмысын тұрақты сақтап, дамытуды жалғастыратынын мәлімдеді.
Шахмұрат Мүтәліп деген кім?
Шахмұрат Мүтәліп – «Integra Construction KZ» құрылыс фирмасының иесі. Ол өзінің жаңа холдингін (Central Asia Resources Holding Ltd.) 2026 жылдың қаңтарында Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркеген.
Компанияның негізгі мақсаты – Орталық Азияның шикізат және өнеркәсіп салаларына ұзақ мерзімді инвестиция салу. «Алтыналмастан» бөлек, кәсіпкердің «Қазмырыш» (70%) пен ERG (40%) компанияларының үлестерін сатып алуға ниеті бар екені айтылып жүр.
«Алтыналмас» – Қазақстандағы алтын өндіру бойынша үздік үштік қатарына кіретін алпауыт кәсіпорын.
Оның кен орындары Жамбыл, Қарағанды, Ақмола, Павлодар және Абай облыстарында орналасқан. Компания 1993 жылы құрылған және бүгінде геологиялық барлаудан бастап, дайын Доре қорытпасын шығаруға дейінгі толық циклді қамтиды. 2026 жылдың басындағы мәлімет бойынша, оның негізгі акционерлері – еліміздегі ең бай кәсіпкерлердің бірі Владимир Жұманбаев.