Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сезіміммен ойнады». Қызылордалық жігіт екі күн бұрын танысқан қыздың үстінен арыз жазып, кездесуден кетіп қалғаны үшін полиция шақырған

11:46, 02 қазан 2024 506

Қызылорда тұрғыны «сезіміммен ойнады» деп қыздың үстінен шағымданып, полицияға хабарласқан видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы "Түркістан" басылымына сілтеп. 

Тараған ақпаратқа сәйкес, жігіт пен қыз бір-бірін жақын танымайды, екі күн бұрын танысқан.  Кейін қыздың басқа біреудің көлігінде отырғанына ашуланып, полиция шақырған. Қыз полицияның келгенін видеоға түсіріп алған. 

«Полиция қызметкерлері Қызылорда тұрғынының арызы бойынша тексеріс жүргізді, қылмыстық және әкімшілік құқықбұзушылықтың болмауына байланысты, сондай-ақ тараптардың арыз беруден бас тартуына байланысты материал қараусыз қалдырылды», – деп хабарлады Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бойжеткен полицияға түсініктеме жазған, онда арызданушымен бір күн бұрын танысқанын және досының көлігінде отырғанын, жігіт сол кезде қызғанып шу шығарғанын айтты. Осыдан соң жігіт полицияға хабарласқан екен.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар