Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сеул: КХДР-дің гиперсоникалық зымыран сынағы сәтсіз аяқталды

26 маусым 2024 109

Пхеньян маңындағы аймақтан ұшырылған зымыран шамамен 250 шақырым ұшып, Жапон теңізіне құлады, деп хабарлады Оңтүстік Корея әскери қолбасшылығы, Alash.KZ ұлттық порталы.

Солтүстік Корея Жапон теңізіне қарай гиперсоникалық зымыранды сәтсіз ұшырды. Пхеньян маңындағы аймақтан ұшырылған зымыран шамамен 250 шақырым ұшып, суға құлады, деп хабарлайды AFP агенттігі.

Ұшыру фактісін Жапонияның жағалау күзеті де растады. Олар Жапон теңізіндегі кемелерге зымыран сынықтарына жақын жүзбеуді талап қылды.

КХДР осы сәтсіз сынаққа дейінгі зымыранды 30 мамырда ұшырды. Содан кейін Сеул Пхеньянның 10-ға жуық қысқа қашықтықтағы баллистикалық зымырандарды ұшырғаны туралы хабарлады. Сарапшылар Солтүстік Корея артиллериялық және қанатты зымырандар өндірісін ұлғайтты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?