Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Семейде 6-сынып оқушысын аяусыз ұрып соққан жасөспірімдерге қатысты тың ақпарат шықты

11:00, 19 наурыз 2025 294

Семейде 6-сынып оқушысын аяусыз соққыға жыққан жасөспірімдерге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Alash.kz.

Stan.kz мәліметінше, сот отырысы 18 наурызда жабық жағдайда өтті. Сот судьясы бес азаматтық іс қарады, оның ішінде жасөспірімдерді девиантты мінез-құлқы бар балаларға арналған арнайы мектепке жіберу, сондай-ақ бір іс бойынша айыпталушыны ерекше режимдегі мектепке орналастыру мәселесі қаралды.

Сот жасөспірімдер Л мен Т зардап шеккен баланы өз үйінің ауласында кездестіргенін анықтады. Л мен Б арасында қақтығыс болған, ол ұрысқа ұласқан. Кейін оларға М, В, С және Ш қосылып, зардап шеккен балаға талаптар қойған.

"Л, Т, М және В зардап шеккен бала Б-ны котельная аумағына апарып, оған дене жарақатын салған. Осы уақытта М, В және Ш болған оқиғаны телефонға түсірген. Кейін видео қаладағы пабликтерде жарияланды”, – делінген соттың баспасөз қызметінің Сот үш жасөспірімге қатысты талап арызды қанағаттандырудан бас тартты. Екеуі 11жасқа толмаған, заң бойынша арнайы мектепке тек осы жастан бастап орналастыруға болады. Видеоны түсірген 12 жастағы қыз арнайы есепте тұрмаған, жүйелі құқық бұзушылық жасаған емес және жақсы оқитын болған. Бірақ олар ювеналды полицияда есепке қойылды. Ал тағы үш жасөспірімді сот арнайы мектепке жіберді.

"13 және 16 жастағы екі қыз девиантты мінез-құлығы бар балаларға арналған арнайы мектепке жіберілді. Сот олардың бірінің білім алуынан тұрақты түрде бас тартқанын анықтады. Осы қыздардың спирттік ішімдіктерді ішкені, түнде ересектерсіз үйден шыққаны белгілі болды. Осы себепті оларды арнайы мектепке төрт ай мерзімге жіберу туралы шешім қабылданды. Қажет болған жағдайда, егер мінез-құлқында түзету болмаса, білім беру ұйымының өтініші бойынша мерзім ұзартылады", – деді Абай облысының кәмелетке толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қарлығаш Қасымова.

13 жастағы бір ұл ерекше режимдегі мектепке алты ай мерзімге жіберілді. Сот мәліметі бойынша, осы жылдың екі айында ол екі қылмыс жасаған, бірақ жауапқа тартылмаған.

"Ұрлық және бұзақылық жасаған. Екі қылмыстық іс те ол кәмелетке толмағандықтан тоқтатылды. Оның өкінгенін ескеріп, оны ерекше режимдегі мектепке алты айға орналастыру туралы шешім қабылданды", – деп толықтырды Абай облысының кәмелетке толмағандар ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қарлығаш Қасымова.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар