Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Сәукелені өлген адамға кигізген» деген сөздің тарихи негізі жоқ» - этнограф

20:11, 11 маусым 2026

Белгілі этнограф Құндыз Тұрдықызы әлеуметтік желіде талас тудырған сәукелеге қатысты өз ойын айтты, деп жазады Alash.KZ порталы  Qaz365.kz материалына сүйеніп. 

Этнографтың айтуынша, имам Арман Қуанышбаевтың "Сәукеле өлінің киімі" деген сөзі қазақ дәстүріндегі «өлі-тірі» деген ұғым болғанымен, оның қызды «өлді» деп санауға ешқандай қатысы жоқ.

«Өлі-тірі деген дәстүр бар. Бірақ "қыз үйден өліп кетті" демейді. Иә, ол басқа әулетке бара жатыр, бірақ сол жақты көктетуге бара жатыр ғой. Еті де, сүйегі де сенікі, сұралмайды деген де әңгіме жоқ. Мысалы, Ұлбикені ұрып өлтірген күйеуін, Ұлбикенің босағасына байлап берген оқиғалар бар ғой тарихта. Сұрауы бар. Ал қайтыс болғанда, иә, күйеуінің үйіне барған соң, сүйегі сол үйден шығады. Онысы дұрыс. Бірақ "еті де, сүйегі де сенікі" деген жоқ. Ол баланы медресеге мұғалімнің қолына бергенде айтатын сөз ғой», — деді ол.

Сондай-ақ ол сәукеленің марқұмдарға арналған киім болғаны туралы пікірді жоққа шығарды.

«Сәукеле — ұзатылып бара жатқан қыздың ең сәнді әрі мәртебелі бас киімі. Оның биік етіп жасалуының өзіндік мәні бар. Беташар кезінде келіннің жүзін жауып тұрады әрі жаңа түскен келінді өзгелерден айрықшалап көрсетеді. Бай-дәулетті отбасылар сәукелені алтынмен, күміспен және бағалы тастармен әшекейлеген. Сондықтан «сәукелені өлген адамға кигізген» деген сөздің тарихи негізі жоқ», — деді этнограф.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар