Бұл туралы оның адвокаты Жанар Балғабаева хабарлады. Оның айтуынша, процесс прокурордың өтінішіне байланысты 21 ақпанға қалдырылған, деп жазады Alash.KZ.
Бұл туралы бүгінгі сот талқысы басталардан бір сағат бұрын ғана белгілі болды.
Ulysmedia коллажы
Qaznews24 сатиралық паблигінің авторы Темірлан Еңсебекті полиция 17 қаңтарда үйіне тінту жүргізгеннен кейін ұстап әкеткен. 18 қаңтарда тергеу соты оны екі айға қамауға алған.
Оның үстінен Қылмыстық кодекстің "Алауыздық қоздыру" бабы бойынша іс қозғалған. Бұл бапта айыппұл, шектеу немесе бас еркіндігінен айыру жазасы қарастырылған.