Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сасып кеткен: Жертөледен жүкті әйелінің мәйітін тауып алған - ТЫҢ АҚПАРАТ ШЫҚТЫ

08:55, 06 сәуір 2025 1302

Бұған дейін жазғанымыздай, наурыз айында Жамбыл облысы Шу қалалық перзентханасында 26 жастағы Әдемі Ешенәлиева сәбиімен қоса жұмбақ жағдайда көз жұмды.  Оқиға туралы тың ақпар шықты, деп хабарлайды Alash.kz Azattyq Ruhy сайтына сілтеп.

Осы дәрігерлердің жұмыстан шыққанын хабарлаған ДСМ өңірге вице-министрді жіберіп, ол Жамбыл облысындағы босандыру қызметінің мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысын өткізеді деген еді.

Күні кеше Жамбыл облысына денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев жетіп, Шу перзентханасына барған.

«Вице-министр Шу көпбейінді аудандық орталық ауруханасына барып, әйелдің өліміне әкеп соққан жағдайға егжей-тегжейлі талдау жасады», - деп хабарлады ДСМ-ның баспасөз қызметі.

Бірақ, министрлік нақты қандай талдау жасалғанын хабарлаған жоқ. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар