Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сарбазға күш көрсетіп, демалыста заңсыз жұмыс істеткен". Алматыда сарбазын ұрған офицер жазаланып, 2 жылға бостандығы шектелді

16:19, 04 сәуір 2026

Алматы қаласында офицер өзіне бағынышты сарбазға күш көрсетіп, оны демалыс уақытында заңсыз жұмысқа тартқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Alash.KZ.

Сот мәліметінше, офицер қол астындағы сарбазға физикалық күш қолданған. Сонымен қатар оны демалыс уақытында жұмысқа мәжбүрлеп, қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланған.

Іс Алматы гарнизонының әскери соты қарауында болды. Айыпталушыға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 451-бабы 1-бөлігі (билікті немесе қызметтік өкілеттігін асыра пайдалану) бойынша айып тағылды. Прокурор соттан 3 жылға бостандығын шектеуді сұраған.

Сот барысында айыпталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге материалдық және моральдық шығынды өтеуге дайын екенін білдірді. Ал қорғаушысы 1 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеуді сұрады.

Жәбірленуші соттан айыпталушыны барынша қатаң жазалауды және келтірілген барлық шығынды өтеуді талап етті.

Сот шешімімен офицер кінәлі деп танылып, 2 жылға бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Сонымен қатар ол «аға лейтенант» әскери шенінен айырылды. Енді ол жәбірленушіге келтірілген материалдық және моральдық зиянды өтеуге міндетті.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар

ХҚКО-лар жабыла ма?

21:02, 03 сәуір 2026