Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сарбаз өлімінің алдын алу: Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін сарбаздарға GPS-маяк таңу туралы сөз бола бастады

15:05, 30 қыркүйек 2026

Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін сарбаздарды GPS-маякпен жабдықтау ұсынылды, деп жазды Alash.kz.

Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметшінің қаза болуына байланысты әскери қауіпсіздік шараларын күшейту ұсынылды.

Мәжіліс депутаты Аббас Орисбаев оқу-жаттығу аумағын дрондар арқылы тұрақты бақылауда ұстауды және әрбір әскери қызметшіге GPS-маяк беруді ұсынды.

Сонымен қатар сарбаздарды SOS батырмасы бар арнайы құрылғылармен жабдықтау ұсынылып отыр. Мұндай жүйе әскери қызметші құлаған, ұзақ уақыт қимылсыз қалған немесе суға түскен жағдайда автоматты түрде дабыл белгісін жіберуі мүмкін.

Депутат әскери қызметшілердің денсаулық жағдайын, соның ішінде жүрек соғу жиілігін бақылауды да маңызды деп санайды.

Бұдан бөлек, оқу-жаттығу кезінде командалық пунктке ауа райы, көріну деңгейі, желдің жылдамдығы және теңіздің жағдайы туралы ақпарат үздіксіз түсіп тұруы керек.

Егер қауіп деңгейі тым жоғары болса, оқу-жаттығудың қауіпті кезеңін дереу тоқтату тетігін енгізу ұсынылды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар