Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сара Алпысқызы тірі ме?": депутат Ермұрат Бапи ел естімеген шындықты жайып салды (ВИДЕО)

13:55, 23 шілде 2025 1285

Парламент Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи журналист Аман Тасығанға берген сұқбатында Сара Назарбаев туралы сөз қозғады, деп жазады Alash.kz.

Осыдан 2 ай бұрын БАҚ беттерінде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жары Сара Назарбаеваның қайтыс болғаны туралы ақпарат тарады. Ал кейіннен Қазақстан Республикасының бірінші президентінің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын.

Журналист Аман Тасығанға сұқбат берген депутат Ермұрат Бапи бұл тараған қауесеттің орынсыз екенін жеткізді.

"Сара Алпысқызы тірі болуы керек. Енді оны мен білмеймін. Қайтыс болған адамды жасырып, масқаралыққа бару қаншалықты қажет? Менің тілім жетпейді, мұны иттік деп атаймыз ба? Менің сөздік қорым жетпей тұр. Ол кісі қайтыс болатын болса, оны тірі деп сақтап қоюдың қаншалықты қажеті бар?" – деді Ермұрат Бапи.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар