Әлеуметтік желіде Мадина Қуанышбек есімді блогер-журналист 2-сыныпта оқитын баласынан сақтар мен ғұндар туралы үй тапсырмасын сұрап, осындай ауыр бағдарлама жасаған авторларға ренішін білдіріп, ескерту жасады, деп жазады Alash.KZ.
Автордың айтуынша, бастауыш мектептің оқушысына сақтар кім, ғұндар кім, олар кімдермен соғысты, Аттила кім деген тақырыптар өте ауыр дейді. Өзі оң-солын әлі танып үлгермеген оқушыға сақтар мен ғұндар туралы айту, шынымен ауыр.
Блогер:
"Соңғы 4 жылда 11 кітап ауыстырылып, осы аралықта 60 млрд теңге тек соған кеткен, масқара ғой! Не деген сұрауы жоқ ақша бұл? Жыл сайын не тіліміз өзгеріп жатыр ма, осынша ақша тек кітаптарға жұмсалатындай? Баланың миын ашыту тұнып тұрған. Мектеп программасы деген сапасыз! Бұл үлкен проблема! Болашақ ұрпақты ойласаңдаршы?!" деп жазды.
Одан кейін Мадина Қуанышбек мектеп бағдарламасындағы кемшіліктерді жіпке тізіп шығыпты.
1. Қазіргі мектептегі білім сапасы ТӨМЕН, жүйе жоқ! Бастауыштың бағдарламасы дұрыс емес! Балалар үшін бағдарлама ауыр!
2. Қазақ мектебінде оқитын қазақ балалар ҚАЗАҚША МӘТІНДІ ТҮСІНБЕЙДІ! Өйткені, біріншіден, текст ауыр түсінуге, екіншіден балалар орысша сөйлейді.
3. Балаларда буллинг деген ушығып тұр! Білгендерін істейді туалетке кіргізіп ап! Біз республикалық маңызы бар қалаларды айтып отырмыз, шет жерлерде не боп жатқанын өздеріңіз де көріп отырсыздар! Кешегі Семейдегі жағдай просто пример!