Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

“Семей аумағына көміледі”: АЭС-тен шығатын радиоактивті қалдықтар туралы тың ақпарат шықты (ВИДЕО)

10:35, 14 қараша 2025 147

Қазақстанда салынатын атом электр станциясынан шығатын радиоактивті қалдықтар Семей аймағындағы арнайы полигонда көміледі, деп хабарлайды Alash.kz 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап.

Жауапты агенттік радиоактивті қалдықтарды көметін аумақты анықтап қойған. Мамандардың мәліметінше, Шығыс өңірдегі ластанған аумақтың көлемі 18 мың шаршы метр болады. Қалдықтар жерге көмілмес бұрын арнайы қоймаларда уақытша сақталады.

Мамандар бұл әдіс жоғары деңгейлі радиоактивті қалдықтардың қауіптілігін азайтуға мүмкіндік беретінін айтады.

АЭС реакторларынан жылына 50 текше метрге дейін радиоактивті қалдық шығуы мүмкін деген болжам бар.

Атом энергиясы жөніндегі агенттік департаментінің директоры Ғани Мәди қалдықтарды залалсыздандыру процесін былай түсіндірді:

“Арнайы су бассейндерінде белгілі бір уақыт сақтайды. Яғни оның температурасы мен радиоактивтілігі төмендетіледі. Радиоактивтілігі төмендегеннен кейін оны арнайы болат немесе бетоннан жасалған контейнерлерге салып уақытша немесе ұзақ мерзімді құрғақ сақтау орындарына жіберіледі”.

Агенттік қалдықтарды көму технологиясы қоршаған ортаға зиян келтірмейді деп сендіріп отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар