Депутат Ерлан Сайыров Жұманғариннің жауабына қанағаттанбай, премьер-министрге «сәлем» жолдады, деп хабарлайды Alash.KZ.
Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің ірі капиталға қатысты жауабын жеткіліксіз деп бағалап, өзінің наразылығын ашық білдірді. Ол бұл мәселеде Премьер-министр Олжас Бектеновтің атына үндеу жасауды да жөн көрді.
- Өкінішке қарай, мен жауап ала алмадым. Меніңше, ірі капитал мүддесін лобби жасау фактілері бар. Сондықтан сізден үлкен өтінішім – өз қарамағыңыздағы адамдарды бақылап, премьер-министрге сәлем айтыңыз. Бұлай жұмыс істеуге болмайды. Менің ойымша, біз сізбен бірге мемлекет мүддесі үшін дұрыс шешім қабылдаймыз деп сенемін, деді Сайыров.
Қошанов: «Премьерге сәлем айтудың қажеті жоқ» деді.
Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов депутат әріптесінің бұл мәлімдемесіне бірден реакция білдіріп, саяси риториканы тиянақты қолдануға шақырды.
- Әріптесіміз депутат Сайыровтың сөзі бойынша: премьер-министрге “сәлем айту” артық болады деп ойлаймын. Тиісті министрлік егер орынбасары жауап бере алмаса залға шақырып, біз айтқан мәселе бойынша тыңдауға құқығымыз бар. Осыны болашақта ескеріңіз, дейді Қошанов.