Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева сахнамен қоштасуы мүмкін. Бұл туралы әнші «Abai TV» телеарнасының «Сарасөз» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
50 жылдық есеп беру концертіне қызу дайындалып жатқан өнер иесі осы мерейтойлық концерттен кейін сахнамен қоштасуы мүмкін екенін айтты.
«50 жылдық есеп беру концертіме дайындық үстіндемін. Осы концерттен кейін мүмкін ресми түрде сахнамен қош айтысуым мүмкін. Ондай ойларым бар. Жалпы үлкен концерттерге шығуға әрқашан дайынмын», – деді Роза Рымбаева.