Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Сахналанған көрініс іспетті". Тыңшылар Украина мен Ресей арасындағы соғысқа қатысты сұмдық дерек айтты

19:11, 19 ақпан 2026

Еуропаның бірқатар барлау қызметтерінің басшылары Украинадағы соғыстың биыл аяқталуына күмәнданып қарайды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады, деп жазды Alash.kz.

Агенттікпен аноним шартта сөйлескен бес еуропалық барлау жетекшісінің пікірінше, Ресей соғысты тоқтатуға ниетті емес. Төртеуі Мәскеу АҚШ-пен жүргізіліп жатқан келіссөздерді санкцияларды жеңілдету мен іскерлік келісімдер жасауға мүмкіндік ретінде пайдаланып отыр деп санайды.

Осы аптада Женева қаласында өткен келіссөздердің соңғы кезеңі «сахналанған көрініс іспетті» болғанын барлау басшыларының бірі айтқан.

Олардың мәлімдеуінше, Ресейдің стратегиялық мақсаттары өзгермеген. Соның ішінде Украина президенті Владимир Зеленскийді биліктен кетіру және Украинаны Батысқа қатысты «бейтарап» буфер аймаққа айналдыру ниеті бар.

Тағы бір барлау жетекшісінің сөзінше, негізгі мәселе — Ресейдің тез арада бейбіт келісімге мүдделі болмауында. Оның экономикасы «күйреудің алдында тұрған жоқ», сондықтан Мәскеу асығуға себеп көрмейді.

Сарапшылардың бірі Ресей Донбастың қалған бөлігін толық бақылауға алса, аумақтық тұрғыдан қанағаттануы мүмкін екенін айтқанымен, бұл оның басты мақсаты — Зеленскийдің батысшыл үкіметін құлату жоспарын жүзеге асыруға жеткіліксіз болатынын атап өткен.

Басқа бір дереккөз Украина Донбастан бас тартса, соғыс тез аяқталады деген пікірді қате түсінік деп бағалаған. Оның болжамынша, мұндай жағдайда Ресей қосымша талаптар қоюы ықтимал.

Сонымен қатар екі барлау өкілі Мәскеу келіссөздерді екі бағытқа бөліп жүргізуге тырысып отырғанын мәлімдеген: бірі — соғысқа қатысты мәселелер, екіншісі — АҚШ-пен екіжақты келісімдер, оның ішінде санкцияларды алып тастау тақырыбы.

 
 
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар