Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сахна азып барады: Атырау театрында қойылымда шешінген қыз жұртты шулатты

21:00, 27 наурыз 2025 759

Желіде тараған видеода Атырау қаласы, облыстық Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрында сахналанған «Ақ қар жауып тұрғанда» трагикомедиясы, деп хабарлайды Alash.kz Skifnews.kz сайтына сілтеп.

Өткен шақ пен қазіргі сәттің сиқырына арбалған жастарды көрсететін қойылым сюжетінде актриса шешініп қана қоймай, сахнада шылым шеккені де, желіде тау тудырды. 

Біздік менталитетімізге жат дүниені қабылдай алмаған көрермендер пікірлерін ашық айтып жатыр.

Олар желіде: «порнотеатр», «не тәрбие», «+18 театр», «сахна азып барады», «театр емес түнгі клуб», - деген секілді сынға толы пікірлерді жаудыруда. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар