Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Сәбиімен бірге көз жұмған әйелдің өліміне кім кінәлі?

Сәбиімен бірге көз жұмған әйелдің өліміне кім кінәлі?
Абай облысының 34 жастағы тұрғыны Гүлнәр Қайратқызы толғағы жеткенде, перзентханаға өз аяғымен барған, деп жазады Alash.KZ.
 
Күйеуінің айтуынша, әйелінің жағдайы жақсы болған. Бірақ екі-үш күн өткен соң жұбайы нәрестесімен бірге көз жұмыпты.

Оқиғадан кейін ауруханаға комиссия барған. Заңбұзушылықтар анықталып, бас дәрігерге қатаң сөгіс жарияланған. Оның орынбасарлары қызметінен босатылған. Оқиғаға қатысы бар дәрігерлер мән-жай анықталғанша жұмыстан шеттетілді.

Сараптама қорытындысына сәйкес, мойынға салынған инъекциядан тамыры зақымдалып, іштей қан кеткен. Сол өлімге себеп болыпты.

Ал полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
  • 0
  • 0
  • 0
  • 1
  • 0
Жарнама
Соңғы жаңалықтар