Бұл туралы Ақорда хабарлады:
Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалды.
Мемлекет басшысының екінші Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі лауазымынан босатылды.
Желдібай Руслан Сұлтанұлы – 1989 жылы дүниеге келген.
2010 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. "Болашақ" халықаралық білім беру бағдарламасының түлегі. 2017 жылы Уорик университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын тәмамдаған.
2011-2012 жж. – "Қазақстан" ұлттық телеарнасында редактор;
2012-2018 жж. – "Алматы" телеарнасында бөлім басшысы, продюсер;
2018-2019 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Интернет кеңістікте және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы;
2019-2020 жж. – ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті төрағасының орынбасары;
2020 жылдың мамыр айынан 2022 жылдың ақпан айына дейін – ҚР Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары;
2022 жылдың ақпан айынан сәуір айына дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары;
2022 жылдың сәуір айынан 2023 жылдың қаңтар айына дейін – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы;
2023 жылы 5 қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.
2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің ішкі саясат мәселелер және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.