Ол Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі болып тағайындалды, деп жазады Alash.KZ.
Бұған дейін ол Мемлекет басшысының көмекшісі, баспасөз хатшысы қызметін атқарған.
Руслан Сұлтанұлы Желдібай 1989 жылы Жамбыл облысының Қаратау қаласында дүниеге келді.
2010 жылы ол Қазақ экономикалық университетін маркетинг мамандығы бойынша тәмамдады, Болашақ бағдарламасының түлегі: Ұлыбританиядағы Уорик университетін жобалық басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын Желдібай 2010 жылы «Ел Арна» телеарнасында «Азамат» жастар бағдарламасының жүргізушісі болып бастаған.[3]
2011—2012 жылдары «Қазақстан» телеарнасында «Алаң» саяси ток-шоуын жүргізді.
2012–2018 жылдары ол 6 жыл бойы «Алматы» телеарнасының бөлім басшысы, бас продюсері болды.
2018–2020 жылдары ол Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде Дәурен Абаевтың қарамағында еңбектенді: 2018–2019 жылдары Ақпарат комитеті Интернет кеңістігінде және әлеуметтік желілерде ақпараттық жұмыс жүргізу басқармасының басшысы болса, 2019–2020 жылдары аталған комитет төрағасының орынбасары болып қызмет етті.
2020–2022 жылдары Президент Әкімшілігі Ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2022 жылғы ақпан–сәуір айларында Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары болды.[4]
2022 жылдан бастап Президент Әкімшілігінде жұмыс істеп жүр.
2022–2023 жылдары Президент баспасөз хатшысы болды. 2023 жылғы 5 қаңтарда өткен лауазымынан босатылмай-ақ Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары болып тағайындалып, ол 2 қызметті сол жылғы қыркүйекке дейін қоса атқарды.
2023 жылғы 1 қыркүйекте 2 лауазымынан босатылғаннан кейін Президент жарлығымен Президенттің ішкі саясат мәселелері және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.
2025 жылғы 17 ақпаннан 9 қыркүйекке дейін Президент кеңесшісі және оның баспасөз хатшысы болды. Сол жылдың 9 қыркүйегінен бастап Желдібай — Президент көмекшісі және оның баспасөз хатшысы. 2026 жылғы 29 қаңтарда ол қызметінен босатылған.