22 наурыз күні Бурирам провинциясында қайғылы оқиға болды, деп хабарлайды Alash.kz.
Жол талғамайтын көлік қарсы жолаққа шығып, мотоциклмен соқтығысты.
Мотоциклде 13 жастағы Наруэмон мен 9 жастағы Пуньяпхат болған. Екі бала да оқиға орнында қаза тапты.
Көлікті 43 жастағы Пирун Прасертди жүргізген, оның жанында 12 және 2 жастағы екі ұлы болған. Қозғалыс кезінде анасының қолында отырған кіші ұлы рөлге жармасып, оны бұрып жіберген, нәтижесінде жол апаты орын алған. Прасертди сапарға шығар алдында бейнетіркеу құрылғысынан жад картасын алып тастағанын мойындады, сондықтан оқиғаның видеожазбасы жоқ.
Сондай-ақ ол қаза тапқан балалардың отбасына келтірілген зиянды өтеуге дайын екенін білдірді.
Жергілікті биліктің мәліметінше, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған марқұм оқушылардың әжесі кемінде 3 миллион бат көлемінде өтемақы алады.
Қазіргі бағам бойынша бұл шамамен 44,4 миллион қазақстандық теңгені құрайды.