Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Резонанс болғандықтан ғана…»: Асқар Жұмабек қамаудан шыққан соң мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

14:07, 02 сәуір 2026

Алматы қаласында қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 10 тәулікке қамалған актер Асқар Жұмабек бостандыққа шыққан соң желіде түсініктеме берді, деп жазады Alash.kz. 

Ол өзіне қатысты айтылған айыптаулармен келіспейтінін және оқиғаның шындыққа жанаспайтын тұстары бар екенін алға тартты. Қазіргі таңда актер әлеуметтік желідегі парақшасында даулы жағдайға қатысты өз ұстанымын жариялап жатыр.

Бұл даудың басталуына 20 наурыз күні модель Айнұр Нарзиеваның жасаған мәлімдемесі себеп болған еді. Ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында актердің оған күш көрсетуге әрекеттенгенін хабарлаған болатын. Аталған ақпараттан кейін құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп, актерді әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы шешім қабылдады.

Асқар Жұмабек өз кезегінде қарсы тараптың оқиғаны бұрмалап жеткізгенін айтып отыр. Ол жариялаған бейнежазбада жағдайдың мүлдем басқаша өрбігенін меңзеп, өзін қорғауға тырысты. Актердің айтуынша, қоғамда қалыптасқан пікір мен шын мәнінде болған жағдайдың арасында айырмашылықтар бар.

Судьяның өзі айтты. «Асқар, резонанс болып кетті. Сол үшін 10 тәулікке сізді бас бостандығыңыздан айыруға тура келіп тұр» деді. Әйтпесе, айыппұлмен де шығатын нәрсе ғой. Сосын, мен айттым сотта: «Айсайшы, енді судьяға. Мені ұрды, мені тепті деп. Айтпайсың ба, енді? Жазып жатырсың ғой дайректте» деп. «Жоқ, біз Асқар ағамен ұрысып қалдық. Маған боқтады» дейді. «Екеуміз бір-бірімізге балағат сөздер айттық» деп айтпайды да… Мен ғана боқтады деп отыр. Мен айттым: «Артық сөйлесем сенен кешірім сұраймын. Сенің мамаңнан да кешірім сұраймын» дедім.

Полиция департаменті бұған дейін актердің 10 тәулікке қамалғанын растап, заң аясында тиісті шаралар қабылданғанын мәлімдеген. 


Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар