Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейдегі Ор қаласын су орып жатқанда. Қазақстан жағы тағы қамсыз қалды

09:16, 06 сәуір 2024 1128

Ресейдің төтенше жағдайлар қызметі Ор қаласындағы су басу қаупі бар аймақ тұрғындарын эвакуациялау кадрларын ораға салды. Бұл аудандарда қауіпсіздік мақсатында электр құрылғылары мен желілер өшірілген. Бұл жайлы Alash.KZ ұлттық портал хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес,қазір құтқарушылар бұзылған бөгетті нығайту жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстарға 33 ауыр жүк көлігі жегілген.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ор қаласының әкімшілігі 4,2 мың түтінді су басу қаупі бар екенін және 11 мың тұрғынның басына қауіп төніп тұрғанын айтқан болатын.

Орайы келгенде айта келейік, Қазақстанның бірқатар аймақтары да "сумен алысып жатыр". Атырау облысының әкімдігінің хабарлауынша,  5 сәуір сағат 17:00-дегі жағдай бойынша су тасқыны салдарынан 500-ге жуық нысан мен инфрақұрылымдық ғимараттар су астында қалған. Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар, орталық стадион, Құлсары әкімдігі және сауда орындарын су басқан. 

Әлеуметтік желіде қазақстандықтардың басшылық пен әкімшілік қызметін сынға алып, қызыл суға тосқауыл болудағы дәрменсіздігін айыптағандардың саны артқаны байқалады. 

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар