Жақында Ресей Федерациясының Орынбор облысының Түлған ауданында Әлия Молдағұлованың құрметіне мешіт ашылды, деп хабарлайды Alash.KZ.
Мешіт екі рет салынды. Ғимараттың құрылысы 2011 жылы мемлекет қаржысына басталып, 8 жылдан кейін жобалық қателер анықталды. Сондықтан ғимарат бұзылып, қайта салынды.
Енді міне, мұсылмандар намазханасы мүміндерге есігін айқара ашты деп жазды, ZTB арнасы.
Естеріңізге сала кетейік, Әлия Молдағұлова – Екінші Прибалтика майданының 22-армиясының 54-ші жеке атқыштар бригадасының мергені. 17 жасында Германия КСРО-ға шабуыл жасағанда өз еркімен майданға аттанды. Өкінішке орай, ол соғыста қаза тапты.
1944 жылы маусымда Әлия Молдағұловаға қайтыс болғаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.