Ресейдің оңтүстік әскери округінде ядролық қаруды дайындау және қолдану мәселелерін практикалық тұрғыда пысықтауды қамтитын жаттығулардың бірінші кезеңі басталды. Жиынның стратегиялық сипаты жоқ екені хабарланды. Бұл туралы Ресей Федерациясы, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп жазды Alash.KZ ұлттық порталы.
Оқу-жаттығу барысында аталған әскери округтің әскери қызметшілері "Ескендір" жедел-тактикалық зымыран кешені үшін арнайы оқ-дәрілерді алудың оқу-жауынгерлік міндеттерін" игереді, сондай-ақ ядролық оқ-дәрілермен зымыран тасығыштарды жарақтандыру бойынша жаттығулар өткізеді. Зымыран кешендерінің қызметкерлері зымыран ұшыруға дайындалу үшін позициялық аудандарға жасырын ұсынуды да пысықтауда.
Қорғаныс министрлігі өткізілетін жаттығулардың мақсаты – жеке құрам мен бөлімдердің техникасының жоғары жауынгерлік дайындығын сақтау, кейбіреулердің арандатушылық мәлімдемелері мен қауіптеріне жауап ретінде Ресей Федерациясының аумақтық тұтастығы мен егемендігін қамтамасыз екені айтылады.
Ресей соңғы кездері "ядролық қарудың төңірегіне топтасқан" елдермен байланысын нығайта бастады. Естеріңізге сала кетейік,біз бұған дейін де "бірін-бірі жауға тастамайтын достар" жайлы, Путиннің Солтүстік Кореяға сапарлайтыны туралы жазғанбыз.
2023 жылдың қыркүйегінде Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын Ресейге барды. Путинді арнайылап КХДР-ға шақырды. Содан кейін Песков Президенттің шақыруды "ризашылықпен" қабылдағанын хабарлады. 2024 жылдың қаңтарында ол Путиннің Солтүстік Кореяға сапары жақын арада болуы мүмкін деп мәлімдеді.
11 мамыр күні Ресейдің Беларусь еліндегі ядролық қаруды жасырған жері әшкереленіп қалды.
NYT спутниктік суреттерге назар сала отырып, Ресейдің ядролық қаруы Беларусь аумағының қай бөлігінде орналасқанын анықтады.
Басылымның хабарлауынша, ядролық қаруы бар нысан Украина шекарасынан солтүстікке қарай 32 шақырым жерде, яғни Осиповичи қаласының жанындағы әскери қоймада орналасқан.