Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейді айналып өтетін қандай көлік бағы бар?

05:41, 12 мамыр 2022 326
[ad_1]



Анкарада мемлекеттік сапармен жүрген Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев түрік әріптесі Режеп Ердоғанмен "стратегиялық әріптестікті дамыту туралы" мәлімдемеге қол қойды. Келіссөзден кейін Тоқаев пен Ердоған сәрсенбі күні әріптестікті нығайту қажеттігін мәлімдеп, 14 келісімге қол қойды.

Ердоғанның айтуынша, ол Тоқаевпен кездесу кезінде Ресейдің Украинаға соғыс ашуын талқылаған.

"Суверенитет және территориялық тұтастыққа сүйене отырып Украинадағы жағдайды бейбіт реттеу бойынша көзқарастарымыз сәйкес келеді" деді Түркия басшысы. Оның сөзінен түріктің Daily Sabah басылымы үзінді келтіреді.

Мәскеудің одақтасы Қазақстан Ресей агрессиясын айыптаған жоқ, бірақ Украинаның территориялық тұтастығын құрметтейтінін мәлімдеп, Донбастағы сепаратистік құрылымдардың "тәуелсіздігін" мойындамаған. Нұр-Сұлтан сонымен бірге Украинаға гуманитарлық көмек жіберген. Қазақстанның жоғары лауазымды тұлғалары Қазақстан Ресейге Батыс санкциясын айналып өтуіне көмектеспейді деп мәлімдеген.

Түркияның кейінгі кезде Орталық Азияда ықпалын арттыруға күш салып отырғанын айтқан кейбір сарапшылар Анкараға дәл қазір түркітілді елдермен қарым-қатынасты нығайтатын сәт туды деп санайды. Мәскеу Орталық Азия елдерін өзінің ықпал ету аймағы ретінде қарайды.

Қазақстан мен Түркия басшылары тауар айналымын екі есеге ұлғайту жоспарын мәлімдеді. Былтыр Түркия сыртқы сауда бойынша Қазақстан тығыз қарым-қатынас орнатқан алғашқы бес елдің қатарына енген. Түрік компанияларының Орталық Азия елдеріне инвестициясы барған сайын артып барады.

"Түрік халқының Қазақстанға әрдайым ашық әрі мейірбан екенін жақсы білеміз. Мұны үнемі сезіп те отырмыз. Бұл сапар саясат, сауда-экономика, инвестиция, мәдениет, әскери техника және өзге салалар бойынша әріптестікті нығайтуға жол ашады. Екі мемлекетке Транскаспий халықаралық көлік бағытын пайдалану мүмкіндігі ерекше маңызды" деді Тоқаев.

Ресейді айналып өтетін Транскаспий халықаралық көлік бағыты Қытайды Еуропамен жалғайды. Ол Қазақстан аумағы арқылы өтіп, Каспий теңізі арқылы Әзербайжан, Грузияға шығады, әрі қарай Түркия мен Еуропа елдеріне барады. Аталған көлік дәлізі 2017 жылы іске қосылған.

Еуропаға тауар тасымалдау жолын әртараптандыруға тырысып жатқан Қытай сәуір айында Ресейді айналып өтіп, Еуропаға баратын темір жол маршрутын іске қосқан. Ол да Қазақстан арқылы өтеді. Ресейдің "Ведомости" басылымы наурыз айында қытай жүк жіберушілері Ресей арқылы Еуроодаққа жүк тасымалдауды тоқтата бастағанын хабарлаған.

Тоқаев сапары кезінде Түркияны Қазақстанның "өте маңызды стратегиялық әріптесі" деп атады. Ол Анкарадағы келіссөз кезінде құны бір миллиард доллар болатын сауда келісіміне қол қойылатынын атап өтті.

Ердоған Қазақстанды – түріктердің тарихи отаны, ал Түркияны қазақстандықтардың екінші үйі деп атады. "Қазақстандық бауырларымыздың тұрақтылығы, тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін жауаптымыз" деді ол.

Тоқаевтың Түркияға сапары екі ел арасында қарым-қатынастың 30 жылдығына арналған. Түркия 1991 жылы Қазақстан тәуелсіздігін алғаш мойындаған мемлекет. Анкара дипломатиялық миссиясын Қазақстанда алғаш рет 1992 жылы ашқан.

2009 жылы екі ел стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойған, үш жылдан соң жоғары деңгейдегі стратегиялық әріптестік кеңесін құрды. Саясат, экономика, сауда, инвестиция, қарулы күштер, қорғаныс өнеркәсібі, білім және денсаулық сақтау саласында әріптестік орнаған. Тоқаевпен бірге Анкараға барған қазақ делегациясының құрамында көптеген министрлер болды.

Тоқаев мемлекет басшысы ретінде алғаш рет Түркияға барып отыр.



[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар