Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресей бізден көмек сұраған жоқ

10:12, 24 ақпан 2022 285
[ad_1]



Сенат спикері Мәулен Әшімбаев Ресей Қазақстаннан әскери көмек сұрамады деп мәлімдеді. 24 ақпанда ақпарат құралдары спикерден Ресей көмек сұраса, Қазақстан Украинаға әскерін жібере ме деп сұраған.

– Екі жақты формат аясында Ресей бізге қайырылған жоқ және қайырылмайды деп те ойлаймын, – деді сенат төрағасы.

Спикер сонымен бірге қазақстандық бітімгер әскерді қақтығыс аймағына жіберу ықтималдығы туралы сұраққа жауап берді.

— Бұл тұрғыда біздің ұстанымымыз айқын: Қазақстан БҰҰ мандатына сай өз бітімгер әскерін ҰҚШҰ аймағынан тыс жерге жібере алады. Ал ҰҚШҰ-ның бітімгер күштері ұйымға мүше елдердің аумағында ғана пайдаланыла алады. Қақтығыс аймағы (Украина - ред.) ұйымға мүше елдердің территориясына кірмейді, – деді сенат спикері.

Әшімбаев сонымен бірге "егер БҰҰ деңгейінде шешім қабылданып, өзге елдер оны қолдаса, БҰҰ мандатына сәйкес Қазақстан бітімгер әскерін әлемнің кез келген жеріне жібере алады" деді.

Украинадағы жағдайға тоқталған сенат спикері:

– Менің ойымша, бұл өте күрделі қақтығыс. Біз әскери текетірес, санкциялар соғысына куә болып отырмыз, – деді ол.

Ол бұған қоса, "дағдарысты дипломатиялық жолмен шешуге әлі де болса мүмкіндік" бар деп Қазақстан "қақтығыстың бейбіт жолмен шешілуіне мүдделі" деді.

Оның ойынша, "тараптардың мүддесін ескеретін келіссөздер" жүргізілуі тиіс. Сенат спикерінің пікірінше, аталған келіссөздерді БҰҰ жарғысы аясында өткізу тиімдірек.

  • 24 ақпанда таңертең Ресей президенті Владимир Путин Украинаны "демилитаризациялау" мақсатында Донбаста "әскери операция" басталғанын хабарлаған. Путиннің сөзінен кейін Харьков, Киев, Краматорск қалаларында жарылыс (бұл қалалар Донбасқа кірмейді) болғаны жайлы хабар тарады. Одан бөлек, Донбаста сепаратистердің атқылауы күшейді.

  • Жуырда "Луганск халық республикасы" (KХР) мен "Донецк халық республикасының" (ДХР) жетекшілері Ресей басшысынан "Украина қарулы күштерінің агрессиясынан қорғауды" сұрады деген ақпарат тараған. Оның алдында екі күн бұрын Путин Украина шығысында өздерін республика жариялап алған "ЛХР мен ДХР"-дың "тәуелсіздігін" мойындап, Киев "Минск келісім-шартын" орындаудан бас тартты деп мәлімдеген. Бұдан соң федерация кеңесі аймақта қарулы күштерді пайдалануға рұқсат берген.

  • 24 ақпанда Украина президенті Владимир Зеленский Украинаның тұтас аймағында әскери жағдай жариялады. АҚШ президенті Джо Байден "осы шабуылдың салдарынан болатын кісі қазасы мен қирауға Ресейдің бір өзі жауапты болады. Америка Құрама Штаттары мен оның одақтастары біріге отырып, табанды жауап қайтарады. Әлем Ресейді жауапты етеді" деп мәлімдеді. НАТО бас хатшысы Украинаға шабуылды айыптап, Ресейді "әскери операцияларды тоқтатып, Украинаның егемендігі мен территориялық тұтастығын құрметтеуге" шақырды.






[ad_2]

Дереккөз
Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар