Франция президенті Эммануэль Макрон Ресейден Еуропаға энергия тасымалдау мәселесінде АҚШ президенті Дональд Трамптың ұстанымына жанама түрде қарсы пікір білдірді. Бұл туралы Bloomberg хабарлады, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы.
«Макрон ЕО-ның Ресейден әлі де импорттап отырған энергия ресурстары «өте мардымсыз» екенін атап өтіп, Трамптың одаққа ресейлік мұнай мен газға тәуелділікті азайту жөніндегі үндеуіне қарсы шықты», – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Макрон Ресейден энергия ресурстарын импорттау көлемі 80%-ға қысқарғанын айтып, АҚШ президенті алдында өзін ақтауға тырысты.
Бұдан бөлек, ол Дональд Трамптың Еуроодаққа ресейлік мұнай сатып алуды толық тоқтатуды қалайтынын да растады.