Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейге шабуыл жасайтын болса, соғыс өте қысқа уақытқа созылады - Лавров Еуропаға ескерту жасады

21:00, 16 қыркүйек 2026

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Еуропа елдеріне Ресей аумағына шабуыл жасаудың салдары туралы ескертті, деп хабарлайды Alash.kz.

Лавровтың айтуынша, Ресейдің Еуропаға қарсы соғыс бастауға ниеті жоқ. Алайда Еуропа тарапынан Ресей аумағына шабуыл жасалған жағдайда, Мәскеудің жауабы өзгеше болатынын мәлімдеді.

– Біз Еуропаға шабуыл жасау ниетіміз жоқ екенін бірнеше рет айтқанбыз. Президент те жақында бұл мәселеге тағы да егжей-тегжейлі тоқталып, Ресейдің бұған ешқандай мүддесі жоқ екенін атап өтті. Алайда Ресейге қарсы соғысқа дайындалып жатқанын күн сайын айтып жүрген Еуропа Ресейге шабуыл жасайтын болса, онда бұл мүлдем басқа соғыс болады және ол өте қысқа уақытқа созылады, - деді Лавров Екатеринбургте өткен Халықаралық жастар фестивалінде.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар