Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Ресейге қарсы жаңа санкцияларды кейінге қалдырды»: Трамп әлем күтпеген шешім шығарды

09:44, 19 қазан 2026

АҚШ Президенті Дональд Трамп «Линдси Грэм заңы» аясында Ресейге қарсы қарастырылған жаңа санкциялар мен шектеулердің едәуір бөлігін енгізуді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Alash.kz.

Әңгіме Трамп 18 қыркүйекте қол қойған Lindsey O. Graham Sanctioning Russia and Iran Act of 2026 заңы туралы болып отыр. Аталған құжат ресейлік компаниялар мен экономиканың басты секторларына шектеу қойып қана қоймай, Мәскеудің энергоресурстарын сатып алуды жалғастырып жатқан үшінші елдерге 100 пайызға дейін баж салығын енгізуді қарастырады.

Дегенмен, 16 қазанда АҚШ Президенті арнайы атқарушы жарлыққа қол қойып, заңдағы ерекше ескертпені пайдаланды. Ол бойынша, егер Ақ үй басшысы шектеулерді шегере тұруды «АҚШ-тың ұлттық мүддесіне сай» деп ресми түрде таныса, санкцияларды қолданудан бас тартуға құқылы. Осылайша, Ресейге қарсы жаңа шаралар түпкілікті жойылмай, тек белгісіз мерзімге паузаға қойылды. Вашингтон қажет деп тапқан жағдайда бұл тетікті кейін де іске қоса алады.

Ресми шешім Ақ үй бұл санкцияларды іске қосуы тиіс немесе одан бас тарту себебін Конгресске түсіндіруі керек соңғы мерзімнің қарсаңында қабылданды.

Reuters агенттігінің мәліметінше, Трамптың мұндай қадамға баруына Ресей энергоресурстарына шектеу қою салдарынан әлемдік мұнай мен отын бағасы күрт өсіп кетеді деген қауіп себеп болған. Әсіресе алдағы аралық сайлау қарсаңында дизель отынының қымбаттауы Ақ үй үшін аса тиімсіз болып отыр. Бұған дейін де Трамп әкімшілігі ресейлік дизельге қатысты шектеулерді жұмсартқаны үшін конгресстегі демократтар мен кейбір республикашылдар тарапынан қатты сынға ұшыраған еді.

Осылайша, Ресей мен оның ірі энергетикалық серіктестеріне төнген екінші деңгейдегі ауыр санкциялар қаупі әзірге сейілді. Дегенмен, АҚШ-та бұл шектеулерді кез келген сәтте жедел енгізудің заңды механизмі толық сақталып отыр.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар