Еуропалық Одақ Ресейге жанама қолдау көрсетті деген күдікпен Қырғызстанға қарсы алғаш рет санкция салды. Бұл шешім жаңа, 20-санкциялар пакеті аясында қабылданған, деп жазады Alash.KZ.
Брюссель арнайы механизмді іске қосып, санкцияларды айналып өтуге көмектесетін үшінші елдерге қысымды күшейтуді көздеп отыр. Негізгі мақсат – Ресейге технологиялық өнімдердің жеткізілу жолдарын толық жабу.
Жаңа шектеулерге сәйкес, Қырғызстанға Еуропадан бірқатар маңызды тауарларды экспорттауға тыйым салынды. Олардың қатарында цифрлық басқаруы бар станоктар, телекоммуникациялық жабдықтар және байланыс жүйелері бар.
Еурокомиссия бұл шешімді аталған өнімдердің Ресейге қайта экспортталу қаупі жоғары екенімен түсіндірді. Соңғы жылдары Қырғызстан Ресейге тауар жеткізетін негізгі транзиттік бағыттардың біріне айналған. Бұған экспорт көлемінің бірнеше есе өсуі дәлел.
Сонымен қатар бірқатар қырғыз банктері де санкциялық тізімге енгізілді. Себебі олар криптобиржалар арқылы рубльге байланған цифрлық активтерді пайдаланып, халықаралық есеп айырысулар жүргізген.
Ресейге көмектескен Қырғызстанға ЕО санкция салды
Астанадағы балабақшада ерекше балаға қол көтерілді: полиция қылмыстық іс қозғады
18:54, 13 қараша 2026
«Желіде жас сарбаздың талып қалған видеосы тарады»: Құзырлы органдар мәлімдеме жасады
17:14, 13 қараша 2026
«445,6 мың адам»: Қазақстанда жұмыссыз жүргендер кімдер? Жаңа статистика жарияланды
16:53, 13 қараша 2026
Қуанышты хабар: Қазақстандық боксшылар World Boxing әлемдік рейтингінде көш бастады
16:05, 13 қараша 2026
«Сыбайлас жемқорлыққа батқан ниеті теріс кісілер – біздің қас жауымыз» – Президент
15:13, 13 қараша 2026
«Ифтар, сухур, ухти, ахи»: ҚМДБ діни сөздерді орынсыз қолдануға қатысты үндеу жасады
14:26, 13 қараша 2026