Нұрлан Сабyровқа Ресейге 50 жыл бойы кіруге тыйым салынды, деп жазады Alash.kz.
Рпсейлік БАҚ-тар таратқан деректерге сәйкес, өнер иесі Мәскеудегі Внуково әуежайында шектеу туралы білген. Тыйым туралы шешім 30-қаңтарда күшіне енген. Қазіргі таңда оның Дубай қаласына кері бағытта ұшуына рұқсат берілмей отырғаны хабарланды.
Қолданылған шектеу шараларының бірнеше ықтимал себебі қарастырылуда. Негізгі нұсқалардың қатарында «арнайы әскери операцияға» қатысты айтылған сыни пікірлер, сонымен қатар көші-қон заңнамасы мен салық ережелерін бұзу деректері атап өтілді. Тараған ақпаратқа сүйенсек, Сабyров өткен жылы Ресей аумағында болудың заңмен рұқсат етілген мерзімін өткізіп алған болуы мүмкін.
Сырты істер министрлігі комик Нұрлан Сабуров туралы хабарлады:
«Қазақстан Республикасының азаматы Н.Сабуровқа қатысты хабарлаймыз: ол немесе оның заңды өкілдері Ресейдегі Қазақстан Республикасының Елшілігіне жүгінген жоқ. Сондай-ақ оның ұсталғаны жөнінде Ресей Федерациясының құзырлы органдарынан ресми ақпарат түскен жоқ», - делінген хабарламада.