Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейдің назарын аудару мақсатында Орталық Азияда тұрақсыздық орын алуы мүмкін! - Марат Иманқұлов

16:30, 30 сәуір 2025 1282

Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманқұлов Украинадағы соғыстан Ресейдің назарын басқа жаққа аудару мақсатында Орталық Азияда жағдайды тұрақсыздандыру әрекеттері болуы мүмкін екенін айтты.  Бұл туралы ALASH.KZ Mezgil.kz сайтына сілтеп хабарлайды. 

Кыргызстан не исключил участия в миротворческой миссии ОДКБ в Казахстане -  Новости Кыргызстана

«Кейбір күштер белгілі бір сәтте тек Қырғызстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азияда дестабилизация шараларын ұйымдастыра алады. Қазір Украинада арнайы әскери операция жүріп жатыр, ал егер Ресейге кедергі келтіру қажет болса, онда мұнда (Орталық Азияда) әрекеттер жасап, сол жақтан назарды бұруға тырысуы мүмкін. Біз мұны көріп отырмыз», – деді Иманқұлов.

Ол Қырғызстан қауіпсіздігі Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) айтарлықтай байланысты екенін атап өтті. Оның айтуынша, бұл ұйым елді сыртқы агрессия мен қарулы топтар тарапынан төнетін қауіптерден қорғауға қауқарлы көрінеді. «Бұл ұйымның тірегі – Ресей», – деп түйіндеді ол.

Аталған дөңгелек үстел Бішкекте "Ой Ордо" сараптамалық бастамалар орталығының ұйымдастыруымен өткен болатын.

Апта бұрын Қырғызстанға Ресейден әуе қорғаныс жүйелері жеткізілетіні айтылды. Қырғызстан Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Марат Иманқұлов Ресейден С-300 зениттік-зымыран жүйесін жеткізу күтіліп отырғанын растады.

«Біз Ресеймен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі туралы келіссөздер жүргіздік қой. Бұл жұмыс әлі де жалғасып жатыр. Әуе қорғаныс жүйесі шамасы Қырғызстанға жеткен де болар. Толық ақпаратты Қорғаныс министрлігі береді», – деді Иманқұлов.

Ол ресейлік «Известия» газетіне берген сұхбатында бұл жүйе Қырғызстанға жеткізілгенін және оны 8 мамыр күні Бішкектің орталық алаңында өтетін әскери парад кезінде көрсету жоспарланып отырғанын айтқан болатын.

Қырғызстанның С-300 жүйесін алатыны туралы алғаш рет 2021 жылдың ақпан айында президент Садыр Жапаровтың Ресейге сапары кезінде белгілі болған. Алайда Қырғызстанға жеткізілетін техника саны туралы нақты ақпарат жоқ.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар