Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейдегі жарылыс. Қатты жер сілкінісінен кейін Камчаткада жанартау атқылай бастады

Ресейдегі жарылыс. Қатты жер сілкінісінен кейін Камчаткада жанартау атқылай бастады

Ресейдің Камчатка аймағында жанартау атқылай бастады,  хабарлайды Alash.KZ ұлттық порталы.

Камчатка аймағында жанартау атқылай бастады. Жанартаудың атқылауына жер сілкінісі себеп болған.

18 тамызға қараған түнде Камчатканың оңтүстік-шығыс жағалауында тіркелген жеті балдық жер сілкінісі болды. Ресей ғылым академиясының Қиыр Шығыс бөлімшесіне қарасты Вулканология және сейсмология институтының баспасөз қызметі хабарлағандай, Шивелуч жанартауының ауданында қызыл авиациялық код жарияланған - оның белсенділігі жергілікті әуе тасымалы үшін қауіпті.

"Атқылау жалғасты, визуал бағалау бойынша күлдің биіктігі теңіз деңгейінен 8 км жоғары. Үздіксіз жоғары энергиялы электростатикалық разрядтар жүріп жатыр", - деді ғалымдар.

Шивелуч жанартауы Усть-Камчат ауданының Ключи кентінен 50 шақырым және Петропавл-Камчатскийден 450 шақырым қашықта орналасқан.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар