Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейде туған Қанат Шарлапаев тағы бір лауазымды қызметке тағайындалды

14:30, 25 сәуір 2025 628

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ директорлар кеңесінің құрамы өзгерді. Оған кеңес мүшесі ретінде Қанат Шарлапаев қосылды, - деп жазады Alash.KZ Massaget.kz материалына сүйеніп.

"Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ (KASE тикері – BTRK) жалғыз акционерінің 2025 жылғы 17 сәуірдегі шешімімен Қанат Шарлапаев холдингтің директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды", - деп жазылған хабарламада.

 
 
 
 
 
 

Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ директорлар кеңесі 10 адамнан тұрады.

Қанат Шарлапаев 1981 жылы Ресей Федерациясында туған. Саратов әлеуметтік-экономикалық университетін, Крэнфилд менеджмент мектебін (Ұлыбритания) бітірген. Мамандығы бойынша экономист, қаржы және басқару магистрі.

  • Еңбек жолын 2003 жылы Ресей Федерациясының Петрокоммерц банкінің Клиенттерді басқару басқармасының менеджері болып бастаған.
  • 2006-2008 жылдары "Сити" инвестициялық банкінің Лондон (Ұлыбритания), Прага қалаларындағы (Чехия) Қаржы департаментінде маман болып жұмыс істеген.
  • 2008-2014 жылдары "Сити" инвестициялық банкінің (Ұлыбритания) нарықтағы акциялар жұмысы жөніндегі өңірлік дивизионының аға талдаушысы, вице-президентінің көмекшісі, вице-президенті болған.
  • 2014-2015 жылдар аралығында Ұлыбританияның "Сити" инвестициялық банкінің Еуропа, Таяу Шығыс және Африка бойынша Стратегиялық жоспарлау және талдау өңірлік тобының вице-президенті лауазымын атқарған.
  • 2015-2017 жылдары Қазақстанның Сити банкінде бас қаржы директоры, басқарма төрағасының орынбасары, аға вице-президенті болған.
  • 2017-2020 жылдар аралығында Ресей Федерациясының "Сити" инвестициялық банкінің Ресей, Украина және Қазақстан бойынша бас қаржы директоры, аға вице-президенті болып жұмыс істеген.
  • 2020 жылы "Сити" инвестициялық банкінің (БАӘ) Африка, Таяу Шығыс пен Шығыс Еуропаның дамушы нарықтарындағы стратегия, жоспарлау және талдау жөніндегі өңірлік директоры лауазымына тағайындалған.
  • 2022 жылғы ақпаннан бастап "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы қызметін атқарған.
  • 2023 жылғы 4 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды.

2025 жылы 28 ақпанда Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды.

Сонымен қатар, "Самұрық-Қазына" жалғыз акционерінің 2025 жылғы 12 сәуірдегі шешімімен Қанат Шарлапаев қоғамның директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар