Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Ресейде сары майдың қымбаттағанын желіде жазған әйел тергеуге алынды

12:43, 15 ақпан 2025 1222

Ресейдегі Удмуртия тұрғыны сары майдың қымбаттауына байланысты жарық көрген VК жазбасының астына пікір жазып, пікіріне бола кейін тергеуге алынды, деп хабарлайды Alash.kz ұлттық порталы.

Удмуртия соты 38 жастағы Мога қаласының тұрғынын терроризмге шақырды деп айыптап, соңыра қамауға алды. Себебі тұрғын VK-дегі сары май бағасының көтерілгеніне қатысты жазбаға пікір қалдырған. 

Бұл туралы удмурт соттарының баспасөз қызметі хабарлады.

"Айыпталушы Ресей Федерациясының Ауыл шаруашылығы министріне қарсы зорлық-зомбылық әрекеттерге шақыратын жағымсыз ақпарат жариялады", - деп нақтылады баспасөз қызметі.

Нақтылай кетейік, "Медиазона" агенттігінің хабарлауынша, Ресей Ауыл шаруашылығы министрлігінің басшысы Оксана Лут елдегі майдың қымбаттағанын айтып, мұны ресейліктер табысының өсуімен байланыстырған.  Бұл туралы ақпарат аталмыш әлеуметтік желіде жарық көрген.

Бұл жазбаның астында желі қолданушысы Евгения Рогозина пікір жазып, "жалмауыз кемпірді өртеп жіберіңіз!" - деген.

"Зорлық-зомбылыққа шақыратын пікір" иесі бірден айыпталды, түрмеге жіберілді. "Медизаона" Рогозинаның 1987 жылы туылғанын анықтады. Бұл айыпталушы хақында сот жариялаған ақпаратқа сәйкес келеді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар