Ресей Қазақстаннан АИ-92 бензинін сатып алу мәселесін талқылап жатыр. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды, Alash.KZ.
Агенттік мәліметінше, Ресей 50 мың тонна АИ-92 бензинін жеткізу жөнінде келіссөз жүргізуде. Маусым айында Украина тарапының Ресейдегі мұнай өңдеу зауыттарына жасаған шабуылдары күшейіп, бірқатар өңірде жанар-жағармай тапшылығы байқалған.
Reuters дерегіне сәйкес, Ресейде бензин өндірісі шамамен 25 пайызға қысқарған. Ал «Медуза» басылымы елдің кемінде 20 аймағында бензин сатуға шектеу енгізілгенін хабарлады.
Дереккөздердің айтуынша, Қазақстанның жанармай өндірісі Ресеймен салыстырғанда төмен болғандықтан, ел үлкен көлемде бензин жеткізе алмайды. Қазіргі уақытта Қазақстанда бензин қоры жеткілікті болғанымен, 26 маусым мен 20 шілде аралығында Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарланған жөндеу жұмыстары қор көлеміне әсер етуі мүмкін.
Reuters агенттігінің Қазақстандағы дереккөзі екі ел арасында жанармай айырбастау нұсқасы қарастырылып жатқанын айтады. Яғни, Қазақстан Ресейге АИ-92 бензинін беріп, оның орнына авиациялық отын алуы мүмкін.
Себебі қазіргі таңда елде авиациялық отын тапшылығы байқалады. Бұған сұраныстың артуы, Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жөндеу жұмыстары және Ресейден импорт көлемінің азаюы әсер еткен.
Ресей Қазақстаннан бензин сұрады
Трамп Зеленскийді Ресейдегі отын нысандарына шабуыл жасауды тоқтатуға шақырды
22:00, 13 қыркүйек 2026
Нұрсұлтан Назарбаевтың 21 жастағы ұлы үйленгелі жатыр – Назарбаев кіммен құда болды
18:54, 13 қыркүйек 2026
Тоқаев: Жасанды интеллект саласы бойынша БРИКС плюс серіктестігін іске қосуды ұсынамын
17:10, 13 қыркүйек 2026
«Қазақстан сияқты достас елдердің озық тәжірибесіне сүйенеміз» – Эфиопия Премьер-министрі
13:24, 13 қыркүйек 2026
Үздік үштікке енді: Ақмарал Ерекешева Чехиядағы Гран-Придің күміс жүлдесіне ие болды
12:19, 13 қыркүйек 2026
«Жоғары бағалаймын»: Трамп Тоқаевты Қазақстан Тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады
11:30, 13 қыркүйек 2026
«Трамп жолдаған құттықтау хатты табыстады»: Тоқаев АҚШ Президентінің арнайы өкілімен кездесті
10:00, 13 қыркүйек 2026
«Кездесіп, шешім қабылдауымыз қажет»: Зеленский Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеді
21:17, 12 қыркүйек 2026
"Екінші мәрте сүрінген". Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарында Филиппиннен жеңілді
21:15, 12 қыркүйек 2026
Песков Зеленскийге "ақыл айтып", Путинмен кездесу үшін Мәскеуге келуді ұсынды
18:28, 12 қыркүйек 2026