Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Ресей өз кінәсін мойындап, Әзербайжан халқына өтемақы төлеуі керек" - Әлиев шұғыл мәлімдеме жасады

19:50, 29 желтоқсан 2024 2042

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтауда орын алған ұшақ апатына байланысты мәлімдеме жасап, Ресей тарапы "өз кінәсін мойындап, айыптыларды жазалап, зардап шеккендерге өтемақы төлеуі керек" деген талап қойды, деп жазады Alash.kz ұлттық порталы. 

“Ұшақ апатына қатысты соңғы себеп қара жәшікті оқығаннан кейін айтылатыны анық. Алайда қазір айтылып жатқан нұсқалар да фактілерге сүйене отырып айтылуда. Ал фактілер не дейді? Фактілер біздің ұшақтың Ресей аумағында, Грозный қаласына жақын тұста сырттан зақым алғанын көрсетуде. Ұшақ басқару қабілетін жоғалтқан. Біздің ұшақтың басқару жүйесіне радиоэлектронды күрес жүйесінің (РЭБ) зиян келтіргенін білеміз.

Әлбетте, біздің ұшақты абайсызда атып алуы мүмкін. Ешқандай қасақана ойластырылған шабуыл емес. Сол себепті кінәні мойындап, Әзербайжаннан кешірім сұрап, дос ел ретінде мән-жайды қоғамға түсіндіру керек еді. Бұл жасалуға тиіс қадамдар еді. Өкінішке орай алғашқы үш күнде Ресей тарапы ақылға келмейтін сандырақ нұсқаларды айтудан басқа ештеңе істемеді.

Біріншіден, Ресей тарапы Әзербайжаннан кешірім сұрауы керек. Екіншіден, өз кінәсін мойындауы керек. Үшіншіден, айыптыларды жазалап, оларды қылмыстық жауапкершілікке тартып, зардап шеккен жолаушылар мен экипаж мүшелеріне, Әзербайжан мемлекетіне өтемақы төлеуі керек. Бұл біздің талаптарымыз. Оның біріншісі кеше орындалды. Қалған талаптарымыз да қабылданады деп үміттенемін, - деді Ильхам Әлиев Әзербайжан телеарнасына берген сұхбатында.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар