Ресей Мемлекеттік думасының Қорғаныс комитетінің мүшесі Виктор Соболев мобилизация болуы мүмкін деген қауесеттен кейін елден кеткен азаматтарға қатысты пікір білдірді, деп жазды Alash.kz.
Депутаттың айтуынша, Ресейден тек мобилизация туралы ақпаратқа байланысты кеткен адамдар «елге қажет емес».
«Егер олар Отанын соншалықты жақсы көрмесе және тек қауесетке байланысты бір жаққа кетіп қалса, бізге олар қажет емес. Сондықтан кете берсін», – деді Виктор Соболев RTVI арнасына берген сұхбатында.
Сонымен қатар депутат қазіргі уақытта Ресейде жаңа мобилизация жүргізуге қажеттілік жоқ деп санайды. Оның сөзінше, өңірлердегі әскери комиссариаттар Бас штаб белгілеген келісімшарт бойынша әскери қызметке қабылдау жоспарын орындап отыр.
Соболевтің пікірінше, осыған байланысты қазіргі кезеңде мобилизация жарияланбайды.