Мариуполь қаласының басып алынған аумағында тұратын тұрғындарды полиция тектерген. Мұндай әрекетке тұрғындардың баспана мәселесіне байланысты Ресей президенті Владимир Путинге шағымдануы себеп болған, деп хабарлайды Alash.kz.
«ДНР» полициясы тұрғындарға Ресейдегі митингілер туралы заңды бұзуға жол бермеу жөнінде ескерту қағаздарын тапсырған. Қала тұрғындарының бірі алдағы кез келген жиналыс немесе наразылық әрекеті әкімшілік құқықбұзушылық ретінде, тіпті одан да ауыр жауапкершілікке әкелуі мүмкін екенін айтқан.
Сондай-ақ жергілікті тұрғын Анна Гузевскаяға «экстремистік қызметке қатысы бар» деген ескерту жасалып, тізімге белгі қойылған. Оның айтуынша, Ростов-на-Дону қаласына дәрігерге бару үшін әр барған сайын бірнеше сағат бойы «тексеру үшін» ұсталады.