Қытай Халық Республикасында Димаш Құдайбергеннің жетекшілігімен жарыққа шыққан «Voice Beyond Horizon» (Көкжиектен асқан үн) атты жаңа музыкалық тележобасы үлкен сұранысқа ие болып, айтарлықтай табысқа жетті, деп жазады Alash.kz.
Аталған бағдарлама Қытайдың теледидар рейтингтерінде көш бастап, жоғары көрсеткіштерге ие болды. Жобаның дебюттік эпизоды бір мезгілде бірнеше ұлттық және аймақтық рейтингтердің бірінші сатысынан көрінді. Бағдарламаның алғашқы шығарылымының қорытындысы бойынша қазақстандық орындаушы Нұржас Садырбаев жеңімпаз деп танылды.
Сонымен қатар аталған музыкалық шоу онлайн платформалар арқылы да кеңінен таралып, тікелей эфирлерді тамашалаған көрермендердің жалпы саны 102 миллионнан асты.