Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Референдум-2026: Жапонияда оқитын студент ең алғашқы болып дауыс берді

09:05, 15 наурыз 2026

Оңтүстік Корея мен Жапонияда конституциялық реформа бойынша референдумда дауыс беретін қазақстандықтар үшін алғашқы сайлау учаскелері ашылды, деп жазады Alash.kz.

ҚР СІМ мәліметінше, алғашқылардың бірі болып Токио қаласында өткен референдумда дауыс берген Қазақстан азаматы – "Нихон" универститетінің 3-курс студенті Жібек Айдын.

"Қарастырылып отырған мәселе еліміздің алдағы даму бағыты үшін маңызды. Референдум өткізу ашықтықты қамтамасыз етіп, қоғам пікірін жан-жақты ескеруге мүмкіндік береді. Мемлекет әрбір азаматтың өз таңдауын жасауына қажетті жағдай жасап отыр, ал біз үшін белсенді азаматтық ұстаным таныту – маңызды міндет", - деп атап өтті Жібек Айдын.

Ол сондай-ақ шетелде тұратын отандастарымыз Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдіктерінің қолдауымен референдумға қатысу мүмкіндігіне ие болғанын атап өтті.

"Бұл – еліміздің болашағына қатысты жауапты шешім қабылдауға берілген ортақ мүмкіндік. Қабылданатын шешім Қазақстанның орнықты әрі серпінді дамуына оң ықпал етеді деп сенемін", - деп түйіндеді сөзін дауыс беруші.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар