Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қызымды мешіттің артында зорлаған». Жүкті болып қалған 15 жасар қыздың тағдыры айтылды

18:33, 08 ақпан 2025 648

Журналист Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде жаға ұстатар жаңалық бөлісіп, адам айтса нанғысыз оқиғаның мән-жайын айтып берді, – деп хабарлайды Alash.KZ порталы.

Тараз қаласының тұрғыны телеарнадан көмек сұрап хабарласқан. 39 жасар келіншектің сөзіне сенсек, оның 16 жасар қызын бір жыл бұрын әлдекім зорлаған. Видеода қазір басты күдікті қыздың өгей әкесі екені айтылған. 

«Қаршадай қыз таяуда бала босанып, кәмелет жасына толмай ана атанып отыр. Ең сорақысы, қызға зәбір көрсеткен күдікті бостандықта дейді қара жамылған ана», – делінген жазбада. 

Бұған қатысты оқырмандар ашынып, жағасын ұстады:

- Қайда, қалай өмір сүрерімізді білмей қалдық қой, Алла өзі сақтасын; 

- Масқара, беті аулақ, не болып бара жатыр?

- Атасының басына байға тиеді қайта-қайта, ұқпаймын осы қатындарды, өздеріне бай іздеймін деп бала-шағасына бәле тауып отырады. Шешесі кінәлі, әрине. Қызының өмірін құртты.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар