Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

Қызылордада балабақша қызметкерлері кішкентай қызды ыстық суға күйдіріп алған (Видео)

16:19, 09 маусым 2025 118

Қызылорда қаласындағы жекеменшік балабақшада тәрбиеші мен бала күтуші 1 жас 8 айлық қызды жуындырып жатып, ыстық суға күйдіріп алған, деп жазады Alash.KZ.

Ең сорақасы, балабақша қызметкерлері оқиға орнына жедел жәрдем шақырмай, істі жылы жауып тастауға тырысқан көрінеді. Денесінің 40% пайызы күйік шалған Еркежанның анасы қазір шыр пыр болып қоғамнан араша сұрауда.

Журналист Руслан Өтепбай өз парақшасында жантүршігерлік оқиға болғаннан кейін екі маманның балабақшадан өз еркімен жұмыстан шығып кеткенін айтады.

Ал Қызылордалық Айнұр жекеменшік балабақшаның директоры мен жауапты қызметкерлердің үстінен қылмыстық іс қозғалуын талап етуде.

Баланы балабақшада күйдіріп алған мамандардың ешқандай жауапгершілікке тартылмай жұмыстан шығып кетуін қалай түсінеміз?

Аталған оқиғаға байланысты Қызылорда қалалық білім басқармасы не айтады?

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар