Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

«Қызыл сызықтан аспасаң, саған ешкім тиіспейді»: Айдос Сарым Санжар Боқаевқа қатысты пікірін айтты (ВИДЕО)

13:50, 18 наурыз 2026

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым қоғамдық белсенді Санжар Боқаевтың қамауға алынуына байланысты өз ойын айтты. Ол кез келген азаматтың сын айтуға құқығы бар екенін, алайда заң шеңберінен шықпау маңызды екенін атап өтті, деп жазады Alash.kz.

Парламент өкілінің пайымдауынша, тергеу барысында күдіктінің кінәсін дәлелдеу міндеті тікелей Бас прокуратураға жүктеледі. Сонымен қатар депутат елімізде кәсіби деңгейде зерттеу жүргізіп, өткір сын айтып жүрген журналистер мен блогерлердің аз емес екенін тілге тиек етті. Олардың жұмысы нақты деректерге негізделгенін және артық шусыз жүзеге асатынын алға тартты.

Айдос Сарым өз сөзінде заң мен этика нормаларын сақтаудың маңыздылығына тоқталды. Ол былай деді:

«Әркімнің сын айтуға құқығы бар. Өзің белгіленген шектен, яғни «қызыл сызықтан» аттап өтпесең, саған ешкім тиіспейді. Бізде өте сапалы зерттеулер мен тергеулер жүргізетін журналистер мен блогерлер өте көп. Олар да сынайды, бәлкім, бұдан да жақсырақ, тереңірек сынайтын шығар. Бірақ олар мұны айқай-шусыз, пафоссыз және популизмге салынбай жасайды».

Қазіргі таңда Санжар Боқаевқа қатысты тергеу амалдары жалғасуда. Депутаттың пікірінше, мәселенің ақ-қарасын құқық қорғау органдары заң аясында анықтауы тиіс.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар