Қытайдың Тайпоу ауданындағы 1983 жылы салынған Wang Fuk Court тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Кешенде шамамен 4600 адам тұрады. Өртті сөндіруге 700-ден астам өрт сөндіруші жұмылдырылды, деп жазады Alash.KZ.
Қаза болғандар саны 44-ке жетіп, 45 адам ауыр жағдайда. 279 тұрғын із-түссіз жоғалып, олармен байланыс орнату мүмкін болмай отыр.
Алғашқы болжам бойынша, өрт құрылыс қаңқалары арқылы тез таралған. Сол уақытта кешенде ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан.
Полиция үш адамды қасақана емес кісі өлтіру күдігімен ұстады. Олардың арасында екі құрылыс компаниясының басшысы және консультанты бар, олар салғырттық танытты деп айыпталды. Себебі құқық қорғау органдары объектіден терезелерді жауып тұрған пенополистирол панельдерін тапқан. Бұл материалдар және басқа да қауіпсіздік талаптарының бұзылуы өрттің тез таралуына себеп болуы мүмкін.
Қытайда биік тұрғын үй кешені өртеніп, 44 адам қаза тапты (ВИДЕО)
Туризм және спорт министрлігінде кадрлық ауыс-түйіс: Жаңа вице-министр тағайындалды
22:00, 16 қараша 2026
Әлихан Мәулет батуттағы гимнастикадан әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
20:00, 16 қараша 2026
«Ерекше ықылас… Сыйлық дайындадық»: Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын бөлісті
16:09, 16 қараша 2026
Кадрлық ауыс-түйіс: «ҚазМұнайГаз» басшысының бірінші орынбасары қызметінен босатылды
15:36, 16 қараша 2026
«ҚазҰУ-да тағы бір 1-курс студенті көз жұмды»: Алматы полициясы күдіктіні ұстады
15:06, 16 қараша 2026
Олжас Бектенов Халықаралық валюта қоры миссиясының Қазақстан бойынша басшысымен кездесті
14:30, 16 қараша 2026