Тірі болсам, қазаққа қызмет етпей қоймаймын!

Әлихан Бөкейхан

"Қытай үшін!" - Ресей мен Иран арасында экономикалық соғыс басталып кетті

09:57, 26 ақпан 2026

Bloomberg агенттігінің жазуынша, Ресей Үндістанға мұнай жеткізу көлемі айтарлықтай қысқарғаннан кейін Қытай нарығына басымдық беріп, Иранмен бәсекеге түсе бастаған. Сауда келіссөздеріне жақын дереккөздердің айтуынша, екі мемлекет те қытайлық сатып алушыларды тарту үшін мұнай бағасын төмендетіп, қосымша жеңілдіктер ұсынуда, деп жазады Alash.KZ.

Теңіздегі танкерлерде ресейлік мұнай қоры көбейіп кеткендіктен, оның белгілі бір бөлігі Қытайға бағытталған. Бұған дейін Қытайдағы тәуелсіз мұнай өңдеу зауыттарының басты жеткізушісі Иран болған.

Нарықтағы мәліметтерге сүйенсек, Ресейдің Urals сұрыпты мұнайы Brent эталонына қарағанда барреліне шамамен 12 доллар арзан бағамен сатылып жатыр. Қаңтар айында бұл айырма 10 доллар деңгейінде болған. Ал Иранның Iranian Light маркалы мұнайы Brent-тен шамамен 11 долларға төмен бағамен ұсынылуда. Желтоқсанда бұл көрсеткіш 8–9 доллар шамасында еді.

Агенттік деректеріне сәйкес, Қытайдағы жекеменшік мұнай өңдеу зауыттарының өндірістік мүмкіндігі шектеулі. Олар елдегі жалпы өңдеу қуатының төрттен бір бөлігіне жуық үлеске ие. Сонымен қатар, бұл кәсіпорындар Қытай үкіметі бекіткен импорттық квоталар шеңберінде жұмыс істейді.

Бұл мақала туралы не ойлайсыз?
Жарнама
Соңғы жаңалықтар